Қазақстан бойынша ең жас депутат Қостанайда тұрады

Жақында ғана өткен облыстық мәслихатқа депутат тағайындау үшін 8 учаске бойынша ұйымдастырылған сайлау алды шаралары барысында 23 жасар белсенді Татьяна Новикова ең жас халық қалаулысы атанды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеуде.

Осы кезге дейін Қостанай облыстық жастар және балалар ұйымы ассоциациясын басқарып, әлеуметтік жобалармен белсенді айналысатын Татьяна сайлау барысында жалпы дауыстың 83 пайызын жинаған. Мен «қазіргі жастар енжар әрі өмірге селқос қарайды» деген сөздерді естігенде еріксіз таңырқаймын. Сол жастардың арасынан болашағынан зор үміт күттіретін көптеген талантты өрендерді көріп жүргенін айтқан жас депутат, ендігі жерде олардың мүддесін қорғап, жастар мәселесін шешуге белсенді атсалысатындығын айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елде Мәжіліс пен Мәслихатқа депутат сайлау шарасы өткен болатын. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, сайлауға түскен үміткерлердің 70 пайызға жуығын 30 жасқа жетпеген жігерлі жастар құраған көрінеді. Сөйтіп, жас депутаттардың көптігі жағынан Павлодар облысы көш бастаған еді. 24 жасар Сапар Шалабаев Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып, «жас депутат» атанған болатын.

Бақ.кз

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.