Халықаралық байланыста Болгария Республикасының университеті

2013 жылғы 16 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Болгария Республикасынан келген делегацияның университет ұжымымен кездесуі өтті.

Делегация құрамында Болгария Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Стояна Русинова, Үшінші хатшы Стефан Гургушинов, Агробизнес және аймақтық даму университетінің ректоры Димитър Димитров, София қаласының Медициналық университеті ректоры Ваньо Митев және Плевен қаласының Медициналық университеті ректоры Гена Пенкова болды.

Кездесудің мақсаты - Болгария Республикасының Агробизнес және аймақтық даму университетімен білім және ғылым саласында келісім-шартқа отырып, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі ғылыми-педагогикалық мамандар даярлауда әріптестік орнату.

Болгария Республикасынан келген делегацияны С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Қ.Күрішбаев  қабылдады.

Кездесуді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың Халықаралық ынтымақтастық және көп тілді оқытуды дамыту орталығы ұйымдастырды.

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.