Қазақстандық студенттер «Euromath 2013» конференциясына қатысты

Астананың студенттер командасы Швецияның Гетеборг қаласында өткен «EUROMATH 2013» математика конференциясына қатысты. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Конференцияны «Астана-дарыны» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қатысуымен (Қазақстан) Еуропаның математикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Ол математика саласындағы көптеген тақырыптарды қамтыған бірнеше семинарлар мен сессиялардан тұрады.  

Орталықтың мәліметі бойынша, конференцияға әлемнің 19 елінен 510 студент қатысқан. Олардың қатарында: Қазақстан, Австрия, Болгария, Хорватия, Италия, Кипр, Индонезия, Иран, Испания, БАӘ, Уганда және басқа мемлекеттер бар", - делінген таратылған ақпаратта.



Қатысушылар шығармашылық ахуалда Еуропа математика қоғамының Президенті Марта Санз-Соле, Кипрдің математика қоғамының  Президенті Григорий Маркидес, Болгарияның математика одағының мүшесі Сава Гроздев сияқты Еуропаның көрнекті математиктерімен; Еуропа университеттерінің өкілдері: Ерхардом Макридесом (Берлин университеті, Германия),  Майклом Ламбру (Крит университеті, Греция), Лаурой Файнсилбермен (Чалмерс техникалық университеті мен Гетеборг университеті) қоян-қолтық жұмыс істеді.

Айта кетелік, конференцияда Қазақстан астанасының намысын 15 студент қорғады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.