Студенттер роботқа неге "Шолпан" есімін бергендерін түсіндірді

"Бастапқыдан роботтың есімі болған жоқ. Бір күні бізден: "Роботтарыңның есімі қалай?" деп сұрағанда, біз қалжыңдап "Шолпан" деген едік. Оның негізгі атауы олай емес еді, дегенмен сол есім сіңісіп кетіп, оны сол күйі өзгеріссіз қалдыруды жөн санадық.

Сондай-ақ "Шолпан" бірінші планетаның атауы", - деп әңгімеледіжоба жетекшісі Нұрлан Кәрімжан. "Шолпан" халықаралық ІТ-университеттің робот құрастырушыларының бірінші туындысы емес.

Өткен жылдың тамыз айында студенттер өз беттерімен өздерінің тесттік режимдегі алғашқы роботтарын жасап шығарып, Гонконгте өткен робот техникалардың танымал "Robocon-2012" халықаралық байқауына қатысқан болатын. Он жылдан бері Қазақстан мұндай іс-шараларға қатысып көрмеген екен. Ұйымдастырушылар бұл роботтың алғашқы бета-нұсқасы деп отыр. Алдағы уақытта ол көп өзгеріске ұшырайтыны анық.

21-22 мамырда ХАТУ робот құрастырушылары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің VI Астана экономикалық форумы аясында өтетін "ASTEX - 2013" (Astana Smart Technologies Exhibition – Астаналық ақылды технологиялар көрмесі) көрме-конференциясына қатысуды көздеп отыр. Оны "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі мен Инфокоммуникациялық технологияларды дамыту қоры бірігіп ұйымдастырыуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.