ҰЛТТЫҚ «ЛӘҢГІ» ОЙЫНЫ – ЖУРНАЛИСТЕР МЕН СТУДЕНТТЕР КОМАНДАЛАРЫ!

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН СТУДЕНТТЕР КОМАНДАЛАРЫ !

Асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «ләңгі» ойынын ЖАҢҒЫРТУ мақсатында  2013 жылғы 27 сәуірде сағат 11.00-де журналистер мен студенттер командалары арасында «Ләңгі» ойынынан    спартакиада өтеді.

Республикалық ләңгі тебу сайысына қатысушы топтар: «Қазақ Радиосы» командасы, «Журналистер құрама  командасы» (Құрамында; Орт Евразия, «Алаш айнасы», Қазакпарат,   ҚазБинАкпарат агенттіктерінің танымал журналистері),     «Халық сөзі» командасы, «Астана ақшамы», «КТК телеарнасы» командасы, «ҚазАТУ қырандары» командасы,  www.baq.kz және «Университет ұстаздары» командалары бар.

Журналистер мен студенттер ләңгіден жарысқа түспек, командаларды іріктеу кезеңдері басталып та кетті!  

Спартакиада Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұйымдастырылуымен өткізілмек. Командалар саны шектеулі! Бір команда құрамында төрт  ойыншы болады. Командалардың 27 сәуір күні таңғы сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға келулерін (Астана қ., Жеңіс даңғылы 62а).  сұраймыз.

Тіркеу  39-57-07,   27-37-10  жүргізіледі

Ақпараттық қолдаушылар; www.baq.kz, «Халық  сөзі» газеті

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.