Алматы ресми түрде 2017 жылы өтетін 28-ші Қысқы Универсиаданың астанасы болып жарияланды

Олимпиада ойындарынан кейін ауқымы мен мазмұны жағынан екінші орында тұрған бұл спорттық шараны өткізуге екі қала - Алматы мен итальяндық Тренто өтініш берген болатын. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда біздің қаланың басымдылығы мен экномикалық дағдарысқа қатысты Италия үкіметі өз өтінішін қайтарып алды. Сонымен, бәскелессіз қалған Алматы 2017 жылғы Универсиада астанасына айналмақ.

«Қазақстан Евразияның қақ жүрегінде орналасқан. Біз әлемнің өз топырағында ешқашан Универсиада ойындарын өткізбеген бөлігінде тұрамыз. Сіздермен біріге отырып, Шығыс континенті- байрығы Орта Азия жерінде FISU-дің философиялық және гуманитарлық құндылықтарын насихаттайтын боламыз», - деді Ахметжан Есімов Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) президенті (Claude-Louis Gallien) Клод-Луи Гальенмен кездесуінде.

Клод-Луи Гальен Алматының Универсиаданы өткізуге лайық қала екендігін жеткізді. - « Мен Алматыда Универсиаданың өте жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Өз тарапымнан қолдан келгенше қолдау көрсететін боламын. Сіздің еліңіз Универсиададан соң да не өтетіндігін ойлауы тиіс. Сіздерде қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге де толық мүмкіндіктеріңіз бар. Оның үстіне климат да өзгеріп жатыр, көпшілік қыста Алматыға барып демалғанды жөн көруде» - деді FISU президенті.

almaty_stolica

Универсиада 2 жылда бір рет өтетін студенттер арасындағы әлемдік олимпиада. Қысқы Универсиада алғаш рет 1960 жылы Францияның Шамони қаласында өткен еді. Әлем студенттерінің халықаралық додасын Алматы төртінші болып өткізгелі отыр. Бұған дейін студенттер олимпиадасын Жапонияның Саппаро, Кореяның Муджу, Қытайдың Харбин қалалалары өткізген екен. Ал, ТМД елдерінен-ақ Универсиаданы алғаш болып Қазақстан қабылдайды. 

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.