«Бәрі де 1-курс үшін» атты онкүндік шара аясында Брейн-ринг зияткерлік сайысы өтті

«Ой ұшқырлығы» атты төрт айналым атақты «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телевизиялық интеллектуалдық бағдарламасын еске түсірді. «Бәйге» атты бірінші айналымда қатысушылар бір минут ішінде 10 сұраққа жауап беріп, әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпайды қанжығаларына байлап отырды. Қатысушылардың жылдамдығы, тапқырлығы және білгірлігі талап етілген «Дода» атты екінші айналымда 30 секунд ішінде команда басшылары берілген сұрақтарға жауап берді. Қызықты да тартысты сайыстың артынан университетіміздің талантты жастары өнер көрсетіп, қатысушыларымызға демеу көрсетті. Осы аралықта әділ қазылар алқасы екі айналым қорытындысын шығарды.

DSC00509


Бір дем үзілістен кейін сайыс қыза түсті. «Жорға» атты үшінші айналымда жүргізуші тарапынан сұрақ қойылып, қатысушылар өздерінің ойлау қабілеті мен зияткерлік танытудағы біліктілігін барынша танытты. Бұрыс жауап берген командадан 10 баллдан шегеріліп отырды. Аталмыш айналымда бір команда ойыннан шықты.

Соңғы «Ақтық айналым» шешуші әрі маңызды қызу тартыс болды. Экранда «Тұлғалар», «Оқиғалар» және «Отырар» деп аталатын үш тақырып ұсынылды. Тақырыптарға сәйкес ұпай сандары да жоғары болды. Ойлануға тек 10 секунд қана беріліп, бұрыс жауап берілген бойда келесі команданың жауап беруіне мұмкіндік берілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып шыққан «Алғыр ұрпақ» клубының командасы болды. ҚР жастар жұмысы бойынша комиссиясының кәсiподақ федерациясы Төрағасының орынбасары Қайрат Жанабеков жеңімпаздарға ректор кубогын және сыйлықтар табыс етті.

DSC00519

DSC00521

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.