ЕҰУ-де дәстүрлі Еуразия жеңіл атлетикалық кросс өтті

1 қазанда ЕҰУ-де өткен дәстүрлі Еуразия жеңіл атлетикалық кросы үш айтулы оқиғалар: Лев Гумилевтің 100 жылдығы, ЕҰУ-дің 15 жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығы шеңберінде ұйымдастырылды.

Спорттық жарысқа «ЕҰУ аумағы – салауатты өмір салты аймағы» атты ұранмен студенттер, оқытушы-профессорлар құрам және оқу орнының қызметкерлері белсене қатысты.

IMG_1823

Жеңіл атлетикалық кросс басталмас бұрын жігер,рух беру мақсатында ЕҰУ-дың би тобы «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты флеш-моб көрсетті.

IMG_1786

Әлеуметтiк ғылымдар факультетiнiң «Дене тәрбие және спорт» мамандығының студенттері «Айкүне» сауықтыру гимнастикасын жасады. Бұл күні ЕҰУ-дың құрметті қонағы болған «Айкүне» гимнастика жасау жүйесінің авторы - Абай Баймағамбетов. Одан басқа «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев, осы қордың атқарушы директоры Нурлан Ахметов, Астана қаласының мамандандырылған спорт мектебінің директоры Жомарт Сабыржанов, спорт ардагері, дене тәрбиесі мен спорт шебері Ерсайын Нарынбаев және Астана қаласының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Қайрат Жуанышов болды.

IMG_1871

Дәстүрлі Еуразия жеңіл атлетикалық кросс соңында Еуразия ұлттық университетiнiң кәсiподақ комитетiнiң төрағасы Талғатбек Жанайдаров Василиий Игнетович Алексееваға, Раиса Васильевна Сидороваға, Людмила Михайловна Смелянецке, Төленді Арынғожаұлы Ахметжановаға және Нина Михайловна Романенкоға бағалы сыйлықтар табыс етті.

IMG_1896

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.