Шаңғы қос сайыcы бойынша әлем кубогiнің қысқы кезеңі Алматыда өтеді

805777

2012 жылдың ақпанның 11-і мен 12-інде Алматы қаласы «Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде» шаңғы қос сайысы бойынша Әлем Кубогінің қысқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік баспасөз қызметі.

Шаңғы қос сайыcы бойынша әлем кубогi -  шаңғы спортының Халықаралық федерациясы (FIS) өткізетін жыл сайынғы жарысы. Шаңғышылардың жеке жарыстардағы нәтижелерi ұпаймен айқындалып, жалпы сомасы бойынша жеңiмпаздары анықталады. Әлем Кубогi 1983-1984 жылдан бастап ресми түрде жүргiзiледi.

Соңғы жылдары шаңғы қос сайысының дәстүрлi бағдарламасы біршама өзгерiстерге ұшырады. Бүгінде екi жеке тәртіп жүргiзiледi: кәдiмгi немесе үлкен трамплиннен секiру (1 талпыныс) және еркiн стильмен 10 км қашықтыққа шаңғы жарысы өткізіледі. Бұл тәртіптің әрқайсысы  үшiн болмашы қосымшалары бар ортақ ережелер тән.
 
Алматы қаласында өтетін шаңғы қос сайысы бойынша Әлем Кубогiнің қысқы кезеңіне 14 ел ат салысады: Австрия, Германия, Норвегия, Жапония, Франция, Италия, Чехия, Швейцария, АҚШ, Словения, Эстония, Польша, Ресей, Қазақстан.

Аты шулы спортшылардың арасында: Олимпиада чемпионы (Ванкувер қаласы, 2010 ж.), 2010/2011 маусымы Әлем Кубогiнiң ортақ сынағының жеңімпазы француз қос сайыскерi Джейсон Лами-Шаппьюи, жасөспірімдер арасындағы Әлем жеңiмпазы, 2011/2012 маусымы Әлем Кубогi кезеңдерiнiң норвегиялық жеңiмпазы - Магнус Крог, Әлем Чемпионының (2007 жыл) күмiс жүлдегерi, Олимпиада ойындарының (Ванкувер қаласы, 2010 ж.) қола жүлдегері немiс қос сайыскерi Тино Эдельманн, командалық жарыс бойынша Олимпиада чемпионы Марио Штехер, т. б.

Алматы әлемдiк деңгейдегі жарыстар астанасына айналып отыр. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада допты хоккейден Әлем Чемпионы мәресіне жеткен болатын. Сонымен қатар, былтыр Алматы 7 қысқы Азиада ойындары мен гран-при топтамасындағы трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Континенталдық Кубогінің жазғы кезеңiн қабылдаған болатын.

АСТАНА, 7 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. 

newskaz.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.