ФИФА хиджабқа қарсы болмауға шақырды

Иордания ханзадасы Али бин Аль-Хуссейн футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясын хиджабқа қарсы болмауға шақырды, деп хабарлайды Қазақстан арнасы

Футбол - баршаға ортақ ойын. Бұл қағиданы ФИФА-ның вице-президенті де ұстанады. Осылайша Иордания ханзадасы Али бин Аль-Хуссейн футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясын хиджабқа қарсы болмауға шақырды. Естеріңізде болса, 2010 жылдың сәуір айында ФИФА Лондон Олимпиадасына орамал киген келіншектерді жібермеу керек деген ұсыныс жасаған болатын. Алайда келелі кеңес өткізіліп, нақты тыйым салынған жоқ. Десек те, жазғы жаһандық ойындарға Иранның әйелдер футбол құрамасы қатыспайтын болды. ФИФА-ның атқарушы комитетінің ең жас мүшесі Аль-Хуссейннің өтінішінен ғана кейін бұл мәселе наурыздың 3-іне жоспарланған жиында қайта көтеріледі. Осы отырыста ханзада Али Голландия тігіншілерінің әзірлеген орамалын көпшілікке таныстырмақ ниетте. Оның айтуынша, жаңа бас киім барлық қауіпсіздік талаптарына сай тігілген. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.