Қызылордалықтар ләңгіні ұлттық ойын ретінде патенттемек

Ұлттық ойынымыз ләңгі ұмытылып барады. Сондықтан, қызылордалық жастар оны қайта жаңғырту қажет деген бастама көтергенін хабарлады 7 арна

Осыған орай, олар арнайы турнир ұйымдастырып, ләңгі тепкіш мықтыларды анықтады. Бір қызығы, ұйымдастырушылар сайысқа қатысқысы келетіндердің саны соншалықты көп болады деп ойламаса керек. Алпысқа жуық үміткер қатысқан аламан жарыста үздіктерді анықтау да оңайға соқпады.

Осылайша, екі айналымға созылған додада 3- ші орынды Нұртуған Ермекқараев, 2-орынды Әли Шайхиев, ал 1-орынды Қуаныш Айжарықов қанжығасына байлады. Ерекше турнирді ұйымдастырған бастамашыл топ енді осы ләңгіні ұлттық ойын ретінде патенттеуге күш салмақ. 

Дереккөз: baq.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.