Ғалымдар 30 мың жылдық дәннен гүл өсірді

Ресейдің топырақтанудың физика-химиялық және биологиялық мәселелері институтының ғалымдары мәңгі тоң қабатынан табылған дәннен гүл өсіре алды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Олардың пікірінше, бұл дән шамамен 30 мың жаста. Заманауи ешкі миясының түпкі атасы болып табылатын бұл өсімдіктің қазіргі гүлдерден сәл айырмашылығы бар.

Бұл уақытқа дейін заманауи жағдайда өсіруге мүмкін болған ең көне өсімдіктерге екі мыңдық нұсқалар жатқызылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.