Ғылым мен технология саласы бойынша сыйақыға өтініш қабылданады

Білімғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО)аталмыш сыйақысы әлеуметтiк-экономикалық мәні бар инновациялық және ғылыми үлесi үшін биология, химия, геология, математика, физика және технологияларды дамыту саласындағы ғалымдар мен зерттеушілерге беріледі.

Әр мемлекеттен жоғарыда көрсетілген ғылыми салалар бойынша әрқайсысынан екіден аспайтын номинация ұсынылады.

Білімғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) лауреаттары 2012 жылдың қазан айында Білім және ғылым министрлерінің VI-шы Ислам конференциясы аясында өтетін салтанатты рәсімінде сертификаттармен марапатталып, 5 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.

Толығырақ ақпаратты онлайн жүйесіндегі ИСЕСКО ресми сайтынан біле аласыздар.

Байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКОжөніндегі Ұлттық Комиссиясына 2012 жылдың 23 ақпанына дейін мына электронды мекен-жайға baibatyrova@edu.gov.kz толтырылған өтініштер формасын жіберу керек. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.