5-18 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ-ДЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА БОЙЫНША ДМИТРИЙ ГРИДНЕВ ДӘРІС ОҚИДЫ

Ядролық физика саласының маманы, Франкфурттегі Гете унивреситеті FIAS-тың бастаушы ғылыми қызметкері Дмитрий Константинович Гриднев Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техника факультетінің ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар халықаралық кафедрасына ядролық үлгілердің өзекті мәселелері жөнінде студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарға және оқытушыларға дәріс оқиды. Сондай-ақ, «Ядролық физика» магистранттары мен докторанттарын даярлауда бірлескен бағдарлама жасау туралы сөз етпек.

Д.К. Гриднев 2002 жылы Берген университетінде (Норвегия) PhD докторы дәрежесін алған. Диссертация тақырыбы - «Quantum Stability». Д.К. Гридневтің ғылыми қызығушылығында теориялық ядролық физика, кванттық механика, релятивист кванттық теориясы, мол ядролар тақырыптары.

 

Оның ядролық физика саласы бойынша ғылыми жұмысының нәтижесі Physical Review Letters, Physical Review, Journal of Physics жоғары импакт-факторлары бар ғылыми журналдарда көрініс табады. Мұнымен қоса, жоғары деңгейдегі ғылыми конференцияларда баяндама жасайды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.