Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы аясында серпінді жобаларды жүзеге асыру пысықталды

28 ақпан күні ЕҰУ-де ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жаратылыстану ғылымдар факультетінің деканы Н.Л. Шапекова, сәулет және құрылыс факультетінің деканы Т.М. Байтасов, ғылыми іс жөніндегі декан орынбасары Ж. Жантілесова және ЕҰУ профессорлары - Б. Нурмаханов, Т. Толқынбаев, Б.А. Ұнасбеков, Беларуссиядан шақырылған Белорусь-Ресей университетінің профессоры Л.А.Сиваченко, ғылым бөлімінің бастығы М.Оразбек пен студенттер қауымы қатысып, Елбасы Жолдауындағы ғылым туралы ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелде сөз алған жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор Н.Л. Шапекова «Қазақстан ғылымы: бүгіні мен ертеңі»атты тақырыпта баяндама жасады. Неля Лұқпанқызы Жолдаудың жетінші тарауына аса мән беріп, адам капиталының Қазақстандағы сапалы өсуіне білім мен денсаулық сақтаудың маңызы жоғары екенін, оған бүгінде ЖОО атсалысу қажеттігі турасында салмақты ой қозғады.

Л.Н. Шапекованың баяндамасын талқылау барысында профессорлар мен студенттер өздерінің ашқан жаңалықтарымен бөлісті. Солардың бірі -жартылыстану факультетінің студенті Мейір Ердәулетов

«Хош иісті көмірсутектерінен электроимпульсті разрядта көміртегі нанотүтікшелерін алу» деп аталатын жобасының мақсатымен таныстырды.

Сонымен қатар Белорусь-Ресей университетінің профессоры Леонид Александрович Сиваченко Қазақстандағы білім беру жүйесін Белорусь, Ресей білім беру жүйесімен салыстыра келе, Қазақстанда кейінгі жылдары ғылыми жобаларға зор көңіл бөліне бастағанын тілге тиек етті. Ал Ресейде патент, авторлық куәлік алғандарға қосымша сыйақы төленетіні туралы және басқа да мәселелер төңірегінде өз пікірлерін білдірді.  

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.