Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары мен докторанттары Еуразия халықаралық зерттеулер қауымдастығының негізін қалады

«Еуразия халықаралық зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі – халықаралық қатынастар, геосаясат, аймақтық қауіпсіздік салаларындағы және халықаралық аренадағы Қазақстанның қатысуымен байланысты басқа да өзекті мәселелермен айналысатын ұйым.

ЕХЗҚ-ның таяу болашақтағы бастапқы мақсаты - американдық тарапынан филиал атағына ие болу куәлігін алу болып табылады, осыған орай 26 наурыз - 5 сәуір аралығында ЕХЗҚ делегациясы АҚШ Сан-Диего қаласында жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақыру алып, конференция шеңберінде қазақстандық ұйымның тұсаукесерін өткізу, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен, халықаралық талдау ұйымдармен және жалпы сарапшылар қоғамдастығымен тығыз қатынастар орнату жоспарланып отыр.

 

Р.С. Елмурзаева, С.Б. Кожирова, Е.Л. Нечаева, А.Н. Жолдасбекова, Х.Б. Маслов, А.М. Кусаинова Халықаралық зерттеулер қауымдастығына (АҚШ) мүшелікке ие болып, Сан-Диего университетіне (Сан-Диего, Калифорния), Вудро Вильсон атындағы Орталық жанындағы Кэннан атындағы институтқа (Вашингтон қаласы, Колумбия, АҚШ) шақыру алды.

ЕХЗҚ-ның мұндай шараларға қатысуы ұйымның шетелдегі беделін көтеріп қана қоймай, осындай жобалардың бастаушысы және әлемдік ғылыми өмірдің белсенді қатысушысы ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мәртебесін көтеретіні анық. Сонымен қатар ХЗҚ мүшелік қазақстандық өкілдерге жоғары импакт-факторға ие халықаралық журналдарда, ғылыми басылымдарда ғылыми жұмыстарының қорытындыларын, мақалаларын (ЕХЗҚ жұмылдырылған сарапшылармен бірлесе) жариялауға мүмкіндік береді, ал бұл өз алдына Қазақстанның және қазақстандық ғалымдардың шетелдік ғылыми ортада имиджінің алға тартылуына оң әсерін тигізбек.   

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.