ЕҰУ-де Жаһандық тәуекелдер және Қазақстан экономикасының бейімделуі туралы талқыланды

Экономика факультетінің ұйымдастырумыен өткен дөңгелек үстелге Сент Джонс атындағы Нью-Йорк университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің, Астана қаласының ЖОО, Астана қаласының әкімшілігі, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері, экономика факультетінің оқытушылары, докторанттары мен студенттері қатысты.

Қатысушылар қазіргі әлемдік шаруашылықта, білім беру жүйесінде сонымен қатар әлемдік қаржы тәуекелдігі жағдайындағы жаһандану тәуекелдерінің негізгі мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, оларды шешу жолдарының нақты ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел жұмысы қызу талқыда өтті, қатысушылар өздерінің көзқарастарын дәлелдей отырып, оппоненттердің позициясын мұқият тыңдады.

Дөңгелек үстел материалдары Астана экономикалық форумының виртуалды форумына орналастырылды.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.