Ив-Арнольди: «Академиялық бiрлестiкпен iстестiк - басты басымдылықтардың бiрi»

Еуразия ұлттық университеті мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастық 2005 жылдан бастау алған болатын. 2009 жылы екі ұйым арасындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойылған еді. Әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бүгін жаңа құжатқа қол қойылды.

«Сіздердің оқу орындарыңыз ерекше ықыласқа ие. Себебі, ең алғаш табан тіреген мекемелердің бірі - аталмыш білім ордасы болып табылады»,-дейді Ив Арнольди. Бұл кезде Халықаралық гуманитарлық құқық орталығы – қор орталығы ашылған еді.

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, осы құжатқа қол қойылғаннан бастап Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақтық өкілдігі ұйымдастырған түрлі конференциялар мен байқауларға, олимпиадаларға белсене қатыса бастады. Бұл орайда алдағы уақытта серіктестігіміз одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

«Академиялық бiрлестiкпен iстестiк - басты басымдылықтардың бiрi»,-дейді Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақтық өкілдігінің басшысы Ив Арнольди. – Аймақтарда еліміздегі білім беру саласының рөлі немесе қандай саясат жүргізіп жатқаны – жұмысымыздың басты кілті болмақ. Университет базасында білім беруді дамыту, әсіресе, құқық кафедрасында аса маңызды».

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақтық өкілдігінің басшысы Ив Арнольдимен екі жақ тарапынан әріптестік байланыс орнатудағы жаңа мақсаттар мен жоспарлар жайлы айта келе, жаңа құжатқа қол қойды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.