ЕҰУ-де Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің профессоры Людмила Лисицына дәріс оқуда

2012 жылдың 29 ақпаннан бастап Лисицына Людмила Александровна ЕҰУ-нің магистранттары мен докторанттарына «Қатты денелердің люминесценциясының теориясы негіздері» тақырыбында дәріс оқуда және докторанттарға кеңес беруде.

Л.А. Лисицына қатты денелерде радиация әсерінен бірнеше наносекундта түзілген ақаулар жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін, жоғары уақыт өлшемді радиациялық процесстерді зерттеуде өзін тәжірибе жүргізуші ретінде жақсы көрсете білді. Аталмыш ғылым бағытында Людмила Александровнаны пионер екендігін басқа ғалымдар мойындайды. Импульсты спектрометрді қолдана отырып, радиациялық ақаулардың сәулелндіру әсерінен түрленуін зерттеумен айналысады. Қазіргі таңда ол түрлі кристаллдық торлы құрылымы бар кең зоналық диэлектриктердің оптикалық қасиеттеріне наносекундтан бірнеше тәулікке дейінгі уақыт интервалында радиацианың әсеріне қатысты бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізуде.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.