Дуальдық оқыту жүйесі енгізіледі

Еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас жұмысқа тез-ақ орналасады. Тіпті, оқуын аяқтамастан-ақ еңбек ететін кәсіпорнына алдын-ала қызығушылық оянады. Бұл туралы Теміртауда өткен «Техникалық және кәсіби оқытуда дуальдық оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерттеу» атты республикалық семинарда айтылды. Жаңа тәсіл үш бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншіден, лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Екіншіден, әлеуметтік әріптестікті дамыту көзделіп отыр. Үшіншіден, бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін инновациялық технологиялар қолданылады. Аталған жүйе бойынша оқушылар уақытының 70-80 пайызын өндірісте, ал оқуының 30 пайызын ғана колледжде өткізеді және кәсіпорындарда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болса, білім орындары болашақ мамандарды соған лайық дайындап шығарады. «Алайда, дуальдық жүйені  енгізу үшін білім заңына толықтырулар мен өзгерістер керек» дейді Білім және ғылым министрі.
 
Қадырбек Бөрібеков, техникалық және кәсіби білім беру департаментінің директоры:

Егер жұмыс берушілер бұл жүйені түсінбесе, бұл жүйеге көмектеспесе, тек қана білім саласы жүргізе алмайды. Сондықтан, негізгі қажеттілік  жұмыс берушілермен бірлесіп өтіп жатқаны осыған байланысты.
 
Нұрлан АМАНҰЛЫ

http://kaztrk.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.