Студенттердің сурет көрмесі өз мәресіне жетті

Іс – шараға қатысушы қонақтар мен ардагерлердің айтуынша, мұндай кешенді шара Қазақстанда, тіпті бұрынғы кеңестік мемлекеттерде болмаған. Шынтуайтында, аталмыш іс – шара кітап көрмесінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі қару – жарақтар көрмесінің көрсетілуімен ерекшеленеді. Форум қатысушылары қалалық мұрағат ұжымы мен оның бастығы С.И. Искаковтың ұйымдастыруымен өткен қалалық мұрағат көрмесін тамашалады. Қатысушылар қалалық мұрағаттың сирек мұрағаттар қорының материалдары арқылы сол кезеңде Ақмолада құрылған төрт дивизияның ерлік істерімен танысты. Сондай – ақ, жиналған қауым Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты А.А. Абдулин басқаратын мекемесіндегі әншілер хорының қазақ, орыс, украин тілдерінде әндерді орындау шеберлігінің куәсі болды.

Іс – шара соңында Астана, Мәскеу, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық және басқа да қалалардан келген студенттердің сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Айтулы шара қатысушылары Украина Елшісі О. Демин, Ресей Елшісі М. Бочарников, «Нұр-Отан» ХДП орталық аппаратының өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің Департамент басшысы С.Есімов және соғыс ардагерлері, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, қалалық мәслихат депутаты Е.Б. Сыдықов пен Университет ғылыми Кеңесінің үздік картиналарды госпиталға сыйға беру туралы шешімін қуанышпен қолдады.

Іс-шараға университетіміздің өкілдері - Е. Сыдықов, Д. Қамзабекұлы, М. Сырлыбаев, М. Жандарбеков, У. Еламанов, А. Шәріп, Т. Байтасов, Т. Жанайдаров, Т. Толқынбаев, А. Аманжолов, Б. Оразәлиев, А. Бейсекеев, Х. Маслов, Г.Ноғайбаева, Т. Амандық, О. Қорғанбеков қатысты.

Салтанатты шарада «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысушы қонақтарды талантымен, өнерімен және жоғары отансүйгіштік сезімдерімен таң қалдырды. Сонымен қатар дарынды жастар көркем өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктерін көрсете білді. Қытайдан келген отандасымыз, университетіміздің магистранты, дарынды суретші Жалын Бауырхан өзінің «Ерлік», «Лев Гумилев» және «Таңғы Астана» суреттер сериясы үшін Бас жүлдеге ие болды.

Болашақта тәуелсіз еліміздің, елордамыз Астананың, университетіміздің гүлденіп, өркендеуі үшін жалынды, дарынды жастарымыз өз үлестерін қосатындарына сеніміміз мол.

 

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.