UNIVERLIFE.KZ сайтын екіжақты ренішсіз пайдалану үшін танысып шығыңыз

Сайт әкімшілігі кез келген тіркелген қолданушы төмендегі ережелермен алдын-ала танысып, келісімін берді деген ұстынамда!

Сайт мүмкіндік берген барлық функционалды екі жаққа да ыңғайлы пайдалану үшін төмендегі кейбір ережелермен толығырақ танысып шығуыңызды сұраймыз.

UNIVERLIFE сайтында тіркеліп, осы келісіммен танысқандығыңыз төмендегі барлық бөлімдермен келіскендігіңізді білдіреді. Бұл ережелер қолданушылардың барлық құқын ескеріп, сайт әкімшілігіне қатысты зиянкес әрекеттерден қорғайды. Сайтты ұйымдастыру тәсілдері қолданушылардың да, сайт әкімшілігінің де екі жақты әріптестік орнатып, өзін өзі тиімді басқаруына негізделген. Қолданушылар жазылған пікірлердің, жазбалардың тәуелсіз өз еркіме бағалап, «қара тізімін» басқарып отыруына толық құқығы бар. Әрбір қолданушы сайттың сапалы болуына тікелей қатысатынын ескертеміз, яки біздің ресурсқа еш қатысы жоқ жазбалардың пайда жариялануына, біреуді қорлайтын пікірлердің жазылуына, қатігездікке шақыратын үндеулердің салынуына, сондай-ақ өзге сайттарда жарияланып, біздің ресурста плагиатталып, не копипастталып отырған жазбалардан, психикалық ауытқуы бар қолданушылардың әрекеттерінен өз күшімен қорғап отыруы тиіс. Сайт әкімшілігі болмай бара жатқан келіспеушіліктерге ғана араласып отырады.  

 

Қолданушыларға арналған ережелер

Сайт қазақстандық студенттердің кең аудиториясына бағытталып жасалған. Біздің ресурстың негізгі қолданушылары студенттер, ЖОО оқытушылары болады деп күтілуде. Сондықтан біздің негізгі бағытымыз – қазақстандық жоғарғы оқу орындарының өмірі болмақ.

1. Сайттың сапасын жоғалтпау мақсатында өзге ресурстарда жарияланған жазбаларды, видеолар мен аудиоларды, сондай-ақ фотоларды копипасттан жариялауға болмайды. Жазбаларыңыз тек қана копипасттан тұрса, не жазбаларыңызда копипаст көп болса, аккаунттыңыз банға кетеді.

2. Плагиатка жол жоқ. Егер сізге мәтін, фото, видео, не аудио қызық болып көрінсе және оны өзіңіз қайта жариялағыңыз келіп отырса, автордан рұқсатын сұрауыңыз керек, болмаса дереккөзге сілтеме көрсетуіңіз қажет. Жазбаның авторы біздің ресурсқа хабарласып, плагиат жазбаны жойғызуға құқы бар екенін ескертеміз.

3. Жарнамалық сипаты бар жазбаларға тыйым салынады. Жарнамалық сипаты бар жазбалар тек сайт әкімшілігінің рұқсатымен, не келісімімен ғана жарияланады. Егер олай болмаса, жарияланған жарнамалық жазба спам деп есептелінеді.

4. Адамның келбеті анық көрсетілген фото не видеожазба тек қана репортажға қатысушы адамның өзінің рұқсатымен ғана жариялануы керек.

5. Боғауыз сөздер мен қатігез әрекеттерге шақырған жазба, пікір не басқа да контент сайттың ережесіне тікелей бұзу екенін ескертеміз. Ондай жағдайда қолданушы «Қара тізімге» ілінеді.

6. Порнографиялық не сексуалды деп танылған контентке толықтай тыйым салынады. Сондай-ақ, кісі өлімі мен мүрдені қорлау секілді фото не видеожазбалар, жарнама, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды таратуға тырысу, оларды жасау туралы жазбалардың бәрі қатаң жойылып отырады.

7. Авторлық құқы бар, патенттелген объекттердің жариялануына рұқсат жоқ.

8. Интернет желісінде заңсыз әрекеттерге итермелейтін жазбалардың барлық түрін ескертпей жоямыз.

9. Алкогольдік өнімдер мен темекі өнімдерін жарнамалайтын барлық жазбаларға жол берілмейді.

Сайтта жарияланып жатқан барлық контент заңсыз жолмен алынған немесе көбейтілген, ағымдағы "Зияткерлік меншік туралы" Заңның, Қылмыстық немесе Азаматтық Кодекстің, «Әкімшілік құқық бұзу» туралы Заңның қандай да бір бабын немесе тармақтарын бұзатын болса, қатаң тыйым салынады. Барлық жазба ҚР Заңнамасына сәйкес болуы тиіс.

Егер жоғарыда көрсетілген тармақтардың біреуі бұзылса, не сайттың әкімшілігі бұзылды деп таныса, қолданушыларға төмендегідей жазалау шаралары қолданылатынын ескертеміз:

- жазбаңыз жойылады;

- пікірлеріңіз жойылады;

- жазбаларыңыз жойылады;

- аккаунтыңыз банға жіберіледі.

Егер қазақстандық құқық қорғау орындары тіркелген заңсыз әрекет фактісі бойынша сайт әкімшілігіне хабарласып, қолданушы туралы барлық ақпаратты беруді талап етсе, онда сайт әкімшілігі сайтта тіркелген қолданушылардың логині мен құпиясөзін, сондай-ақ қолданушының IP-адресі туралы барлық мәліметтерді беруге құқылы екенін ескертеміз.

Жоғарыдағы тармақтарда келтірілмеген, бірақ сізді ережелерге қатысты қызықтырып отырған сұрақтарыңыз болса, сайттың «Кері байланысы» арқылы бізге хат жолдауыңызға, не «Көмек» бөлімінде жауап табуыңызға болады.

UNIVERLIFE.KZ порталының әкімшілігі