• ЖОО рейтингі

3 место Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Отандық және дүниежүзілік ғылым және білім жетістіктерін меңгерген білім беру, әлеуметтік - экономикалық, құқық қорғау органдары, сот және прокуратура саласында кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ: Отандық және дүниежүзілік ғылым және білім жетістіктерін меңгерген білім беру, әлеуметтік - экономикалық, құқық қорғау органдары, сот және прокуратура саласында кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің миссиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы Мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамытуға сәйкес университеттің стратегиялық басты мақсаты бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді түрде даярлау.

Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін 2011- 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспар бекітілді.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің даму стратегиясы жүзеге асырылу нәтижесінде бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандарды дайындайтын жоғары оқу орны ретінде сипатталады.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің стратегиялық даму бағыттары:

• Қолжетімді сапалы білім алуды қамтамасыз ету;

• Жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің толық ашылуына, және өңірдің индустриалдық- инновациялық дамуына үлес қосуға қолайлы жағдай жасау.

• Университеттің білім беру қызметіңқаржыландыру мен басқару тиімділігін арттыру.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңын», ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарын және «Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университеті» білім беру мекемесінің Жарлығын басшылыққа алады.

Ғылыми Кеңес- жоғарғы коллегиялық органы болып табылады.

2009жылы университеттің жарғылық функциясын іске асыру және нығайту, қаржылай қолдау, материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында атқарушы органдармен, мүдделі мекелермен және ұйымдармен өзара байланыс орнататын қоғамдық орган ретінде Қамқоршылар Кеңесі құрылды. Қазіргі таңда қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессор - оқытушылар құрамында: 15 ғылым докторы және профессорлар, 101 ғылым кандидаттары және 100 ден аса магистрлар бар көпсалалы жоғары оқу орны. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған жоғарғы оқу орны.(15-17 қыркүйек 2010 ж. Болонья, Италия).

Университетте бака-лавриат-тың 22 мамандығы, магистрату-раның 4 бағыты және докторантураның «Заңтану» мамандығы бойынша 8000 мың-нан астам адам білім алуда.

Мемлекеттік білім гранты бойынша- 55 студент, университет ректорының гранты бойынша, 2011-2012 оқу жылындаҰБТ нәтижесінде 90 және жоғары балл алған - 15 студент, ҚР Президентінің стипендиясына - 5 студент ие болды. Қамқоршылар грантымен- 4 студент білім алуда. Ата-ана қамқорлығынан айрылған студенттерге оқудың барлық кезеңдерінде жеңілдік қарастырылған.

Университетте 3 факультет: Заңтану, гуманитарлық және ақпараттық технологиялар және экономика, 12 кафедра бар.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Қазақстан Республикасының бюджеттік қаржысы есебінен ғылыми және ғылыми- техникалық қызметтер бойынша конкурсқа қатысушы субъект ретінде аккредитациядан өтті.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан, АҚШ және Польшаның жоғарғы оқу орындарымен Болон процесі қағидаларын енгізу негізінде жалпы білім беру кеңістігіне интергациялауға ықпал ететін серіктестік туралы келісім шартқа отырды.

Аталған келесім шарттар академиялық және ғылыми алмасуларды жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмысты, әртүрлі семинарларға, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуды, бірлескен білім беру бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жобалары бойынша тәжірибе алмасуды, әртүрлі білім және ғылымды қолдау қорларына қаражат тартуды көздейді.

Университетте тәрбие жұмыстары Рухани даму тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі.

«Жас заңгерлер достастығы» ҚБ мүшелері соңғы жылдарда ШҚО Ішкі саясат департаментінің 6 грантын ұтып алды.

«Жас заңгерлер достастығы» серіктестік жөнінде ШҚО жас мемлекеттік қызметкерлер Ассоциациясымен, «Нұр Отан» ХДПсының «Жас Отан» жастар қанатының ШҚОдағы филлиалымен, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлер Ассициациясының ШҚОдағы филиалымен меморандумға қол қойды.

Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі жалпы университетті басқару жүйесінің ажыратылмас бөлігі ретінде студенттік өмірді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Студенттердің өзін-өзі басқарудың негізгі мақсаты болашақ мамандардың көшбасшы қабілеттерін арттыру.

ҚазИГЗУ да кураторлар кеңесі жұмысы жолға қойылған. Куратордың өз академиялық тобымен өткізетін негізгі жұмыс түрлері: куратор-лық сағаттар, экскурсиялар, қала-лық, аймақтық және республика деңгейде өткізілетін іс-шараларға студенттерді ұйымдастыру.

Біріңғай ақпараттық торабы құрылған және оқу үрдісінің кітанханалық қамтамасыз етілуі заманауи талаптарға сай. Университетте электрондық пошта және Internet арқылы керекті ақпараттық базамен қамтамасыз етіледі.

Университетте оқу үрдісіне ақпараттық білім беру технологияларын енгізуге, мультимедиялық білім беру бағдарламаларын қолдануға, электрондық оқулықтарды құрастыруға, өңірлік және корпоративтік желілерді әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Ғылыми және педагогикалық қызметте жоғарғы жетістіктерге жеткен университеттің сегіз ғалымы әр жылдарда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантын иеленді.

Әлеуметтік желі

Осында 13722 қолданушы ! Қосыл :)