2013 жылы "Қазақфильм" шығаратын фильмдер

2013 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ прокатқа он шақты фильмді жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.  

Ақпан айының соңында (28 ақпан) балаларға арналған «Жеңіс семсері» ("Мечь победы") фильмі прокатқа шығады. Картинада ғажайып күші бар көне қылыш тауып алған мектеп оқушысы туралы баяндалады. Осы қылышты іздеген батыр мен жоңғар әскерлері өткен ғасырлардан біздің заманымызға өтіп кетеді.  

Қазақтың халық ертегісінің желісі бойынша түсірілген, Қазақстанның алғашқы толықметражды "Ер Төстік пен АйдаҺар" анимациялық фильмі прокатқа наурыз мейрамы қарсаңында (21 наурыз) шығады. Қазақ фольклор кейіпкерлерін 3D форматына салып, анимациялық туындыны дүниеге алып келген - еліміздің ең үздік компьютерлік графика мамандары мен аниматорлар.  

Сәуір айының ортасында (11 сәуір) жарыққа шығатын «Когда сбывается мечта» фильмінде Nazarbaev University ЖОО-да оқитын студенттердің өмірі баянадалады. Картинада басты кейіпкерлермен бірге танымал музыканттар, тележүргізушілер және еліміздің басқа да танымал тұлғалары ойнайды.  

"Охота за призраком" фильмі – экшн жанрындағы ғылыми фантастика элементтері бар туынды. Фильм мамыр-маусым айларында жарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Басты рөлдердің бірі — ер жүрек полицейді сомдаған Санжар Мәдиев, ол хакерді қолға түсірмек болады. Хакердің рөлін сомдаған ресейлік әнші Алла Пугачеваның немересі Никита Пресняков. Басты кейіпкерлерге бөгет жасап, олардың жолын кескен Раш есімді арудың рөлін сомдаған голивудтың танымал жұлдызы, «Терминатор-3» фильмі арқылы танылған актрисаКристанна Локен. Сонымен қатар, фильмде Голливудтың тағы да бір жұлдызы Арманд Ассанте және отандық актриса Әсел Сағатова ойнайды.  

Жазғы маусымда киностудияның ең табысты жобаларының бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың шығармаларының желісі бойынша түсірілген «Путь лидера»("Көшбасшы жолы") атты киноэпопеяның жалғасы - трилогияның екі бірдей фильмі көрерменге жол тартады (6 шілде). «Огненная река» ("Отты өзен") және «Железная гора» ("Темір тау") деп аталатын фильмдерде Елбасының студенттік өмірі, достары мен махаббаты жайлы, Теміртау қаласында бастаған еңбек жолы баяндалады. Естеріңізге сала кетсек, трилогияның алғашқы бөлімі «Балалық шағымның аспаны» фильмі 2011 жылы жарыққа шыққан болатын.  

"Жол" («Путь боксера») атты спорт драмасы көрермен назарына күз айларында ұсынылады. Асқар Ұзабаев пен Фархат Шәріпов қолға алған жобада көшедегі төбелестерден кәсіпқой боксшыға айналған чемпионның спорттағы өмірі суреттеледі. Фильмге шынайы боксшы – чемпиондар да қатысқан екен. Картинадағы кейбір төбелестер Астана қаласында өткен кәсіби жарыстар кезінде түсірілген екен. Басты рөлдерде: Назар Сұлтанбеков, Ержан ТүсіповЕрік ЖолжақсыновФархат Әбдірайымов.  

Сонымен қатар, көктемде «Қазақфильм» киностудиясының «Авторлық кино» атты арнайы көрсетілім шеңберінде, халықаралық кинофестивальдерде көптеген жүлделерге қол жеткізген фильмдер: Дамир Манабайдың «Лотерея»Әділхан Ержановтың «Риэлтор» және Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмдері прокатқа шығады.

 

Дереккөз бен суреттер: kazakhfilmstudios.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.